Балқаш тұрғындары екінші күн сусыз отыр

667

Қала әкімінің айтуынша, апат орнында 12 адамнан тұратын топ жұмыс істеп жатыр, бес техника жұмылған, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 Балқаш тұрғындары екінші күн сусыз отыр Фото: zakon.kz

Балқаш тұрғындары екі күннен бері суық сусыз отыр. Оған басты сорғы стансасы маңындағы апат себеп болып отыр. Осыған орай, 6 сәуір күні қала әкімі Қайрат Қамзин Балқаш тұрғындарына үндеу жолдап, сабыр сұрады.

"Құрметті балқаштықтар, су құбырындағы жұмыс жалғасып жатыр... Жұмысты сағат 14:00-15:00-ге дейін аяқтап, магистральдық желілерді толтыруды бастаймыз. Содан кейін біртіндеп кварталішілік желілерді толтырамыз. Бүгін барлығыңыз шыдамды болыңыздар. Су тасушылар да жұмыс істейді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймын", - деді қала әкімі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сағат 10:46-да диаметрі 800 мм магистральдық құбырдан диаметрі 400 мм су төгетін құбырдағы клапан бөлшектелді.

"Камерадан суды айдап жатырмыз. Өйткені су әлі келіп жатыр. Диаметрі 400 мм су төгетін құбырды бітеу басталды. Диаметрі 400 мм су төгетін құбырды тығындау қалды, жұмыс бір мезетте жүргізіліп жатыр. Камерадан су сорылып жатыр. Келіп жатқан су апатты қалпына келтіруге кедергі келтіріп жатыр".

Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпаратқа сәйкес, жұмыс 65% орындалған.

"Жөндеу аяқталғаннан кейін магистральдық және кварталішілік су желілерін кезең-кезеңімен толтыруға уақыт қажет".

Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

4 cәуір күні Балқаш қаласында бас сорғы станциясының аумағында магистральдық құбыр жарылып, тұрғындар суық сусыз қалды.

Сәуірдің 5-і күні Балқаш қаласының әкімдігі сәрсенбі күні сағат 17:00-18:00-ге дейін суық су беру қалпына келтіріледі деп уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу