Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш көлінің жағалауында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жағалаудың құмды бөлігінде төрт жеңіл автокөлік батпаққа батып қалып, ішінде 15 адам болған. Олардың арасында 8 бала бар.
Ауа райының күрт нашарлауы жағдайды қиындатты. Жауыннан кейін топырақ езіліп, көліктердің қозғалуына мүмкіндік бермеді.
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көліктерді қауіпсіз аймаққа сүйреп шығарды.
Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу