Балқаш ЖЭС құрылысы мәселесі әлі шешімін таппады

1069

Балқаш ЖЭС құрылысы мәселесі әлі шешімін таппады

Балқаш ЖЭС құрылысы мәселесі әлі шешілген жоқ. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Үкіметтің баспасөз орталығындағы конференция барысында айтты, деп хабарлайды   Вnews.kz.

"Бізде Корея республикасымен үкіметаралық келісім бар. Бұл келісім аясында Қазақстан үкіметі өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Жобаны Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның компаниялар консорциумы жүзеге асыруда. Олар Оңтүстік Корея тарапынан Samsung және KEPCO, ал қазақстандық тараптан – "Самұрық-Энерго". Қазіргі таңда бұл мәселе реттелмеген бірқатар мәселелердің болуына байланысты тоқтап тұр. Нақты шешім әлі қабылданбаған", - деді вице-министр.

Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, акционерлер бекіткен жарғылық капитал аясында қаржыландыру салынып жатқан нысандарының инфрақұрылымына жұмсалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу