Балқашта 1,5 мың адам үй кезегінде тұр

870

15 үш бөлмелі және 15 бір және екі бөлмелі пәтерлер кезекте тұрғандарға жалға беріледі

 Балқашта 1,5 мың адам үй кезегінде тұр

Балқаш қаласында кезекте тұрғандар үшін екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс алаңындағы жұмыстар 70 пайызға орындалды. Оның жанында тағы екі бес қабатты үй салынуда, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

10-ықшамауданының 19-үйінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуникациялар дайын. Бірнеше айдан кейін алғашқы тұрғындар қоныстана алады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 45 пәтер тұрғын үй құнының 20 пайызын жинағандарға беріледі.

"Сыртқы қабырғалар қалыңдығы 120 мм, ал қабырғаның өзі 630 мм минералды плиталармен қапталған. Жақын жерде жылу трассасы өтеді. Жыл сайын екі бес қабатты үйді қолданысқа береміз, шағым жоқ", – дейді "Балқаш Жібек жолы" ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы Жандос Рахымберлинов.

Сегіз бригада жаңа құрылыстың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, басқа топ шатырлармен айналысады.

Бұл үйдің қарама-қарсы жағында салынып жатқан үй пәтерге кезекте тұрғандарға жалға беріледі.

Құрылыс алаңында барлығы 40 балқаштық жұмыс істейді.

"Жалға берілетін тұрғын үй кезекте тұрғандарға берілетін болады. Қазір Балқаш бойынша кезекте 1 500 адам тұр. Бұл үйде 15 үш бөлмелі және тағы да сонша бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтер бар", – деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.

Сондай-ақ, Балқаш қаласының 10-шағын ауданында жер жұмыстары жүргізіліп, №16 және 17-ші 90 пәтерлік екі үйдің құрылысы үшін іргетас дайындалуда. Оларды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу