Балқашта 32 тоннадан аса катодты мыс ұрлағандар сотталды

96

Құқыққа қайшы әрекеттердің ұйымдастырушысы теміржол ұйымдарының жұмысшысы болып шықты.  

Балқашта 32 тоннадан аса катодты мыс ұрлағандар сотталды Фото: polisia.kz

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 32 және 61 жас аралығындағы 5 адамнан тұратын топты ұстады. Олардың барлығы Балқаш қаласының тұрғындары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көліктегі полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері, көлік прокуратурасының үйлестіруімен, ірі көлемдегі катодты мыс ұрлығының жолын кесті.

Тергеу барысында жоғарыда аталған тұлғалардың Қарағанды облысының Тоқырау станциясында Өскемен – Құрық – Порт бағытымен келе жатқан темір жол вагонынан жалпы салмағы 32 тоннадан астам катодты мыс ұрлағандары анықталды.

Келтірілген материалдық шығынның көлемі 135 миллион теңгеден асады. Қылмыстық топтың барлық мүшесі кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу