Конкурстық комиссияның мақұлдауымен 19 азаматқа грант беру жөнінде шешім шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта грант иегерлері өз жобаларын іске асырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатыр. Грант қаражаты жаңа жұмыс орындарын ашуға, табыс көзін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Бағдарлама әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, мүгедектігі бар азаматтар, қандастар және өзге де әлеуметтік санаттағы тұрғындар кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алған.
Балқаш аудандық Мансап орталығы грант қаражатының мақсатты әрі тиімді игерілуіне тұрақты мониторинг жүргізіп, жобалардың орындалу барысын бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ қатысушыларға әдістемелік кеңес беріліп жатыр.
2026 жылы аудан бойынша 75 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Қазіргі таңда тұрғындарға грант алу шарттары, талаптары және құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары басталды.