Ғаламтор қолданушылары маусым айының 25 күні Балқаштан 7 шақырым қашықтықта орналасқан "Ескі вокзал" станциясына жауған қар аралас бұршақтың видеолары мен суреттерін таратты.
"2018 жылғы 25 маусым. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Қар түсті. Осыдан жарты сағат бұрын ғана Балқаш көлінде суға шомылған едік. Ал енді қараңыз, қар жауып жатыр", - деп пікір білдірді бейнеролик авторы.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, Балқашқа қар емес, бұршақ жауған. Қала тұрғындары мен қонақтары бұршақтың кішігірім бөліктерін қармен шатастырған.
"Біз 25 маусым күні бұршақ жауатынына болжам жасағанбыз. Қарағанды облысының кейбір аймақтарында қар емес, бұршақ жауды. Бұл бұршақтың бөліктері", - деді Қарағанды облысындағы "Қазгидромет" РМК бөлімшесінің мамандары.