Балқашта қатты жел 2 баланы жағадан 250 метрге алып кетті

387

ТЖМ қызметкерлері Балқаш көлінде екі баланы құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балқашта қатты жел 2 баланы жағадан 250 метрге алып кетті Фото: canva

Бүгін Қарағанды облысында, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінің жағажай маңында ТЖМ қызметкерлері екі балаға көмекке келді. 

Белгілі болғандай, балалар жүзу тақтасында сырғанап жүрген кезде қатты жел оларды жағадан шамамен 250 метр қашықтыққа алып кеткен. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оларды жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу