Балқашта қатты жел сапбордтағы екі баланы жағадан 250 метрге алып кетті

251

Құтқарушылар балаларды дер кезінде байқап, жағаға аман-есен жеткізді.

Балқашта қатты жел сапбордтағы екі баланы жағадан 250 метрге алып кетті Фото: Бейнежазбадан

Қатты жел Приозерск қаласында екі баланы жүзу тақтасымен Балқаш көлінің жағасынан шамамен 250 метр қашықтыққа алып кеткен. ТЖМ құтқарушылары балаларды жедел түрде жағаға жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының жағажайы маңында болған. Балалар жүзу тақтасымен серуендеп жүрген кезде қатты жел оларды жағадан алыстата бастаған.

Құтқарушылар жедел көмекке келіп, балаларды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды:

  • балаларды су маңында қараусыз қалдырмау;
  • қайық, катамаран және SUP-бордпен жүзген кезде құтқару кеудешесін кию;
  • ауа райы мен желдің күшін ескеру.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу