Балқашта көлік қаққан әйел көз жұмды

619

Көлік жүргізушісі қала тұрғынын жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті.

Балқашта көлік қаққан әйел көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Балқаш қаласында 27 тамызда шамамен кешкі сағат сегіз шамасында Уәлиханов көшесінде жол көлік оқиғасы болды. Осы аумақта реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел адамды көлік қағып кеткен.

64 жастағы әйел жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында көз жұмды. ВАЗ - 2114 көлігін басқарған ер адамды полиция сол жерден алып кеткен. Бұл іске қатысты тексеру шаралары қолға алынып, сараптама тағайындалған.

Куәгерлердің айтуынша  көлік жүргізушісі біреумен жарысқандай қатты жылдамдықпен жүрген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу