Балқашта көп қабатты үйдің шатыры желмен ұшып кетті

1108

Апаттың салдарынан бір адам жарақат алды.

Балқашта көп қабатты үйдің шатыры желмен ұшып кетті Фото: inbusiness.kz

Балқаш қаласында 5 маусымда кешкі уақыттарда қатты дауыл тұрған. Дауылдың салдарынан Қараменде би көшесіндегі көп қабатты үйдің шатыры ұшып кетіп жерге құлаған.

Төтенше жайттың салдарынан бір адам жарақат алған. Ол дауыл кезінде көлігімен үйдің жанынан өтіп бара жатқан екен. Желмен бірге көтерілген шатырдың бір бөлігі көлікке құлаған. Зардап шеккен тұрғынды ауруханаға жедел жәрдем алып кеткен. Бас ми жарақатын алған тұрғын Балқаш қаласындағы ауруханада ем алып жатыр.

Дауыл салдарынан Балқаштың өзге үйлерінің де шатыры зақымдалған.

Айта кету керек, шатыры толығымен желмен көтеріліп кеткен тұрғын үй шатырына 2021 жылы ғана күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Тұрғындар үйдің шатыры сапасыз жөнделді деп шағым білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу