Балқашта күн электр станциясының қуаттылығы артуда

369

Қарағанды облысында "Балқаш" күн электр станциясының екінші құрылысы келер жылдың тамыз айында аяқталмақ.

Балқашта күн электр станциясының қуаттылығы артуда Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Kaz Green Energy компаниясы хабарлады. Жаңа нысан "Қазақмыс" компаниясының отын-энергетикалық кешенінің жобасына кіреді. Қуаттылығы 50 мегаватты құрайтын энергия көздерінің бірінші құрылысы былтыр пайдалануға берілген болатын, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Балқаштағы кезекті күн электр станциясының қуаттылығы да 50 мегаватты құрайтын болады. Kaz Green Energy компаниясының бас директоры Валерий Сибагатулиннің айтуынша, аталған жоспарлар жақын арада жүзеге асады.

"Кезекті құрылысымызды келесі жылдың тамыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір серіктестерімізбен бірге қаржылай мәселелерді шешудеміз. Әрине, жұмыстар жеткізушілер және мердігерлермен қатар жүреді. Жалпы айтқанда қазір дайындық шараларын жүргізіп жатырмыз", - дейді "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС бас директоры Валерий Сибагатулин.

"Балқаш" күн электр станциясы былтыр 1-ші шілде күні іске қосылды. Осы уақыт аралығында нысан сағатына 100 киловаттан астам электр энергия өндіріп келеді.

"Нысан бүгінде 140 гектар жерді алып жатыр. Оның тең жартысына жабдықтар орнатылды. Ал қалған 70 гектарына 50 мегаватты станцияның екінші құрылысына дайындап отырымыз. Болашақта жаңа объектіміз сағатына 80 киловат электр энергиясын өндірмек. 3 млн-ға жоспардағы өндірілуі тиіс сағатына 600 киловатты қайта өңдеп қойдық. Оның энергиясы "Казахмыс Дистрибьюшн" ЖШС-нің Қоңырат станциясына берілетін болады", - деді "Балқаш" күн электр станциясының басшысы Талғат Босалов.

Дегенмен, бұл "Қазақмыс" компанияларының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған жалғыз жобасы емес. Ұлытау облысында 2020 жылы пайдалануға берілген "Кеңгір" күн станциясы жұмыс істеп тұр. Оның қуаттылығы 10 мегаватқа тең. Ал орнатылған күн панельдерінің саны 30 мыңға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу