Балқашта ONAY! электрондық жүйесі іске қосылады

456

Ынтымақтастық туралы меморандумды Алматы қаласының әкімдігі мен көлік холдингі жасасты.

Балқашта ONAY! электрондық жүйесі іске қосылады Фото: "Орталық Қазақстан" газеті

Балқашта ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу туралы уағдаластық орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ONAY! жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алды. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға болады. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады, деп атап өтті Балқаш әкімі Қайрат Қамзин.

Оның айтуынша, электронды жүйені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу