Балқашта роллердром пайда болады

804

Балқашта роллердром пайда болады

Балқаш қаласында мемлекеттік қолдау шаралары арқасында роллердром пайда болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті кәсіпкер спорттық-сауықтыру орталығын жабдықтауға 3 млн теңге көлемінде грант алды. Қалалық билік өкілдері оған жалға жер телімін берген. 
Осыған дейін Балқашта роллерлерге арналған арнайы алаңдар болмаған. Көп атқарымды корт кафенің жанында орналасады. Кәсіпкердің пайымдауынша, жазда балқаштықтар ол жерде роликтермен сырғанаса, қыста коньки тебе алады. 
Жұмыстар аяқталуға жақын. Жақын арада нысанның ашылу салтанаты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу