Балқашта самокат теуіп келе жатқан баланы көлік қағып кетті

487

8 жасар бала жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған.   

Балқашта самокат теуіп келе жатқан баланы көлік қағып кетті Фото: бейнеден скриншот

Оқыс оқиға 7 мамыр күні Балқашта Желтоқсан көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, самокат теуіп келе жатқан 8 жасар бала жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған кезде Toyota RAV 4 көлігі оны қағып кеткен. Көлік тізгінінде 63 жастағы Балқаш тұрғыны болды. Бала көлік дөңгелегінің астына түсті.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Зардап шеккен бала жедел жәрдеммен Балқаштағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне түсіп, оған ота жасалды. Балада ми жарақаты мен іш қуысының жарақаты болған.

"8 мамыр күні ота жасалды. Қазір бала реанимация бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Емдеу амалдары жалғасып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты. Одан әрі тексерулер жүргізіледі. Компьютерлік томографияның деректері қажет. Сондай-ақ нейрохирургтердің консультациясы қажет болады", - деді қалалық Орталық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Мақсат Нұртазин.

Қарағанды облысының полиция департаменті аталған фактіні тіркеді. Департаменттің мәліметінше, барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, олардың қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу