Тексерушілерге "Айлин" мейрамханасында 100 адамның думандатып жатқаны туралы ақпарат түседі. Тек шақырылмаған қонақтарға, тойхана әкімшілігі есікті ашпай қойған. Амалы қалмаған олар қулыққа басып, төтеншеліктерді шақырыпты. Арнайы маман терезені сырттан ашып, мониторингтік топқа ішке кіруге көмектескен. Ақыры қонақтардың бәрі түсініктеме жазды. Сөйтіп тойхана қожайыны мен той иелері ғана емес, меймандар да айыппұл арқалауы мүмкін. Материал жергілікті санэпидбақылау департаментіне жіберілген. Шенділердің сөзінше, соңғы уақытта Балқаш қаласында індет жұқтырғандар саны артып барады. Өткен айдың өзінде 13 тұрғын коронавирустан көз жұмыпты.