Балқаш тұрғындары қала маңындағы рұқсат етілмеген жерді мал көметін орынға айналдырған. Билік өкілдері жуырда осы жерге өлген малды көмуге тыйым салды, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Балқаш қаласының ветеренария бөлімінің мамандары осы орынға барып, малдардың көптеген сүйектерін шығарды. Олар рұқсат етілмеген жерге көмілген болып шықты",-деді Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тиісті заңнама талаптарына сәйкес, кез келген малдың қалдықтарын қоқыс тастайтын контейнерлерге қалдыруға болмайды. Ол жерге тіпті қатты қоқыстарды да тастауға болмайды. Сол сияқты малды да арнайы санкцияланған орындарға көму керек. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 505 бабына байланысты қалалар мен елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға - 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК, орта кәсіпкерлікке - 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік нысандарына 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Айта кетейік, Рабочий поселок аталып кеткен аудан тұрғындары санкцияланбаған мал көметін орынға айналып кеткен жер туралы суреттерді әлеуметтік желіге жариялаған болатын.