Балқашта туризмді дамытуға арналған 60 гектар бос жер телімі бар

739

Билік өкілдері туризмді дамытуда кәсіпкерлерге бос жер телімдерін ұсынуға және инфрақұрылым салуға көмектесуге дайын екендерін бірдірді. 

Балқашта туризмді дамытуға арналған 60 гектар бос жер телімі бар

Балқашта туризмді дамытуға арналған 60 га бос жер телімі бар. Барлық ниет білдірушілер ашық аукционға қатыса алады. Ол жайлы қала басшысы өзінің халық алдындағы есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Билік өкілдері туризмді дамытуда кәсіпкерлерге бос жер телімдерін ұсынуға және инфрақұрылым салуға көмектесуге дайын екендерін бірдірді. 

Айта кету керек, алдағы үш жылда республикалық және жергілікті бюджеттен Балқаштағы туризм нысандарына инженерлік инфрақұрылымдарды жалғауға 3,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. 

"Бұл қаражатқа электр тарату желілері, жолдардың құрылысы, Бертіс шығанағы маңында кәріз және су құбырларын өткізу қарастырылады", – деп нақтылады қала әкімі.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2018 жылы Балқашта 28 мың турист болып қайтқан, қонақтарға 258 млн теңгеге қызмет көрсетілген.

Биылғы жылы қалада кәсіпкерлердің басын біріктіріп, форум өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш жиында туристік бизнесті жақсарту мәселелері талқыланбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу