Балқашта үйде оқитын балалар жәрдемақысыз қалған

163

Прокуратура тексеріс жүргізді.

Балқашта үйде оқитын балалар жәрдемақысыз қалған Фото: pexel

Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқуға жәрдемақы алу құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конституцияның 28-бабына сәйкес әрбір азаматқа мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелуіне құқығы бар.

"Талдау барысында Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтыны анықталды. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13 106 теңге), төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Заң бұзуға білім беру ұйымдарының ата-аналарды тиісті түрде хабардар етпеуі себеп болған.

"Талдау қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының Білім бөлімне ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды. Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу