Балқашта заманауи емхана ғимараты салынды

327

Емханада19 мыңнан астам ересектер мен балаларға қызмет көрсететін болады. 

Балқашта заманауи емхана ғимараты салынды Фото: gov.kz

№ 2 емханаға бекітілген Балқаш тұрғындары енді жаңа заманауи ғимаратта медициналық көмек алатын болады. Медициналық мекеме МЖӘ бойынша салынған.

"Біздің емхана 1978 жылы салынған ғимаратта болған және оған ешқашан күрделі жөндеу жасалмаған еді. Біз өз жұмысымызды отбасылық-дәрігерлік амбулатория ретінде бастадық, 2000 жылы емханаға айналдырдық",-дейді № 2 емхананың директоры Айнагүл Күлембаева.

Енді пациенттер  медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің барлық тізбесін, арнайы мамандардың консультациясын ала алады, анализдер тапсыра алады, күндізгі стационарда емделе алады, оңалту көмегі мен физиотерапия ала алады.

Сондай-ақ, емхананың жанындағы жедел жәрдем, әлеуметтік дәріхананың, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы жолға қойылған.

Емхананың жаңа ғимаратында диагностикалық қызметтер де көзделген. Ультрадыбыстық зерттеулердің толық спектрі, эндоскопиялық зерттеулер - эзофагогастродуоденоскопия, кольпоскопия бар. Жеке үй-жайда рентген аппараты орнатылған, сондай-ақ пациенттер тредмил-тест пен велоэргометрді қолдана отырып жүктеме сынамаларын тапсыра алады, электрокардиографиядан, ЭКГ холтер мониторингінен, қан қысымының тәуліктік мониторингінен, аудиометриядан өте алады.

Сонымен қатар, ғимаратта мүмкіндігі шектеулі пациенттерге: пандустар, мүгедектер арбасына арналған арнайы көтергіш, лифт, қозғалысты жеңілдететін құрылғылар, тактилді жолдар және Брайль шрифтін қолданатын ақпараттық тақтайшалар секілді медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу