Тәулік бойы кезекшілікке адамдарды іздестіру және құтқару, санитариялық авиация, әуе мониторингі және төтенше жағдайларға ден қою міндеттерін орындайтын тікұшақ кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Авиациялық-құтқару жасақтарын құру және мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру аясында AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының командирі Абай Қоржынбайға қызметтік пәтердің кілті табысталды.

Жаңа бөлімшенің жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Тікұшақты орналастыру үшін экипаж бен әуе кемесінің тәулік бойы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін жаңартылған авиациялық база дайындалды.

Балқашта авиациялық жасақтың құрылуы ТЖМ-нің AIR-112 авиациялық қызметін дамыту және ел аумағында авиациялық-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту жөніндегі жұмысының бір бөлігі болды.