Магистральдық құбырларды ауыстыру кезінде Сәлімжанов пен Қалмақов көшелерінің қиылысында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Оларды жер жұмыстарын жүргізген мердігерлік фирманың қызметкерлері тапқан. Сосын полицияға хабарлаған.
Келген қызметкерлер үш адамның қаңқасын тапты. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі адам сүйектері табылғанын растады.
"Қаңқа табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Мамандар қаңқалардың жер астында қанша уақыт жатқанын және зорлық-зомбылық болған \ болмағанын анықтауы керек.
Сонымен қатар, өлгендердің жеке басын анықтау керек.