Балқаштағы жағажай қауіпсіздігі жүйесі Алакөлде де енгізілуі мүмкін

85

Алакөл жағажайларында жаңа тәртіп енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балқаштағы жағажай қауіпсіздігі жүйесі Алакөлде де енгізілуі мүмкін Фото: ЖИ

Балқаштағы қауіпсіз жағажай тәжірибесі енді Алакөлде де қолданылуы мүмкін. Бұл бастама туристердің қауіпсіздігін арттырып, су көліктері мен демалушылардың қозғалысын бөлуге бағытталған.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұрбол Байжановтың айтуынша, Балқашта шамамен 1,4 млрд теңгеге төрт жағажай абаттандырылған. Онда демалушылар шомылатын аумақ пен су көліктеріне арналған бағыттар бір-бірінен бөлінген. Нәтижесінде жағажайдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік туған.

"Биылғы оң тәжірибені одан әрі дамытып, басқа да курорттық аймақтарға енгізуді ұсынамыз. Атап айтқанда, бұл тәжірибені Жетісу және Абай облыстарында қолдану жоспарланып отыр", – деді ол Құрылтайда өткен дөңгелек үстелде.

Жиында 2026 жылғы туристік маусымның қорытындысы шығарылып, келесі жылға дайындық мәселелері де қаралды. Қатысушылар жол сапасы, көлік қатынасы, коммуналдық инфрақұрылым және туристердің қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды талқылады.

Сондай-ақ Алакөл жағалауын нығайтуға бағытталған 25 млрд теңгеден астам қаражаттың тиімді игерілуі сөз болды. Кәсіпкерлер мен сала өкілдері жағалауды бекіту жұмыстары көлдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керегін атап өтті.

Талқылау нәтижесінде Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныстар әзірленбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу