Қазақстанда уылдырық шашу маусымы басталды. Осыған байланысты Қарағанды облысында 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке балығын аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 1 мамырдан 1 маусымға дейін аймақтағы су қоймаларында тұқы мен сазан аулауға болмайды. Сондай-ақ, 15 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға болмайды. Тыйым 1 маусымға дейін күшінде болады.
Бір жарым айдың ішінде көл арқылы уылдырық шашатын балықтар өтеді. Осы уақыт аралығында белсенділер көлді балық аулайтын тордан тазартуды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу