Балқаш әкімі болып Ораз Таурбеков тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қаланың бұрынғы басшысы Александр Аглиулин өтінішіне байланысты өз еркімен қызметінен босатылған.
Өңір басшысы Ерлан Кошанов шаһарға жұмыс сапары барысында жаңа әкімді қала активіне таныстырды.
Ораз Кайсаевич Таурбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғарғы білімі бар. Ленинский комсомол атындағы Жоғары әскери-теңіз су асты жүзу училищесін, ҚР Еңбек министрлігінің Біліктілікті арттыру институтын, Ресей Федерациясы үкіметінің қаржы академиясын бітірді.
Біліктілігі бойынша инженер-штурман, экономист-бухгалтер, қаржы менеджмент.
1994 жылдан 2003 жылға дейін салық инспекторынан салық комитетінің төрағасына дейін лауазымды қызметтерде болды.
1998 жылы Қарағанды қаласы бойынша салық комитетін басқарды.
ҚР көлік, коммуникация және туризм министрлігінің "Казмортрансфлот" Ұлттық теңіз кеме компаниясы басқармасының төрағасы болды.
2001 жылдан 2002 жыл бойынша Павлодар облысы бойынша салық комитеті төрағасының лауазымын атқарды.
2002 жылдан 2003 жыл бойынша Астана қ. салық комитетін басқарды.
6 жылдан астам ірі коммерциялық құрылымдарда басқарушы лауазымдарды атқарды.
2011 жылы ҚР қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары болды.
2013 жылдан 2017 жыл бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап тағайындауға дейін облыстың экономика басқармасын басқарды.