"Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен": Ақтөбеде 19 жасар қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген

26264

Қылмыс өткен жылдың 8 маусымында Тургенев көшесіндегі 12 қабатты үйде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Диапазон арнасына сілтеме жасап.

"Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен": Ақтөбеде 19 жасар қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген Фото: Диапазон

19 жастағы Әйгерім өзінің танысымен бірге пәтерде болған.

Деректерге сай, жігіт қызды зорлап кейін оны жетінші қабаттан тастап жібермек болған. Әйгерім екі қолымен балконның ағаш жақтауынан ұстап өмірі үшін күрескен. Алайда ер адам оның саусақтарынан ұрған. Соққыға шыдай алмаған бойжеткен төмен құлап, алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды.

Сот ер адамды қызды зорлап, өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Әйгерім Ақтөбенің ГМЗ ауданында тұрып, №15 мектепті бітірген. Университетте староста болған. Бастапқыда іс зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу баптары бойынша қозғалған. Алайда тергеу барысында Әйгерімнің мүлде өлгісі келмегені, өмірі үшін күрескені белгілі болды. Оның құрбылары да арудың өз-өзіне қол жұмсағанына сенбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу