Балконда отшашу атпақ болған ақтөбелік ауруханаға түсті

1246

Жағдайы ауыр. Оның оң жақ қолының еті жыртылып, саусағы зақымданды. Науқас травматикалық шок алды

Балконда отшашу атпақ болған ақтөбелік ауруханаға түсті

30 жастағы ақтөбелік Жаңа жыл мерекесінде жансақтау бөліміне түсті. Оның қолында отшашу жарылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде мереке күні жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер аз болмады. 31 желтоқсан күні сағат 18:00 мен 1 қаңтарда сағат 8:00-ге дейін қала тұрғындарынан 400-ден астам шақыру келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы 383 жерге барса, диспетчерлер 18 шақыртуға телефон арқылы кеңес берді. Көбінің қан қысымы, ал балалардың дене қызуы көтерілді. Жүрегі ауырған 6 адам шұғыл жансақтау бөліміне жеткізіліп, жатқызылды. Жаңа жыл түні түрлі отшашудан жарақат алғандар да тіркелді. Дәрігерлер осындай оқиға болған 15 жерге барды.

"Сағат түнгі 12-ден 21 минут өткенде отшашудан зақым алған адамға көмек сұралды. Жедел жәрдем шақыртуға 9 минутта жетті. 30 жастағы ақтөбелік балконда отшашу атпақ болған. Бірақ үлгермей, петард қолында жарылып кеткен. Ол бірден облыстық жедел жәрдем ауруханасына түсті. Жағдайы ауыр. Оның оң жақ қолының еті жыртылып, саусағы зақымданды. Науқас травматикалық шок алды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу