"Балконнан кірген": Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталды

2624

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікке ілінген 23 жастағы жігіт – Ақтөбе қаласының тұрғыны.  

"Балконнан кірген": Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталды Фото: inbusiness.kz

Белгілісі ол отбасының танысы емес, бұрын сотталмаған, жұмыс жасайтын жігіт. Полицейлер  бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға балкон арқылы кіріп, қарақшылық жасамақшы болғанын айтты.

Қазіргі уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат таратылуға жатпайды.

Естеріңізге салсақ, 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ер баланың мәйіті табылған болатын. Марқұм әйелдің ауыр жарақаттан қансыраған 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілген. Кейін оқушы қызға ота жасалды.

Қыз бала әлі аурухананың жарақат бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық күйде. Есін біледі, бірқалыпты.  Жарақаты да жазылып келеді,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу