Ақсай қаласында тоғызыншы қабаттың балконынан үш жасар ұл бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқыс оқиға кеше болған.
2015 жылғы (3 жас 7 ай ) бала бірден Бөрлі аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Телефон арқылы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургінен кеңес алынды.
"Баланың жағдайы өте ауыр, ес-түссіз болғандықтан, тасымалдауға келмейді. Сондықтан құрамында балалар нейрохирургы, хирургы және реаниматологы бар санавиация бригадасы Ақсайға аттанды", – деді Айнагүл Сақпосынова.