Балконнан құлап кеткен бүлдіршін комада жатыр

1146

Төрт баланың анасы Ирада Есқараева үйінен бір сағатқа шығып, балаларды тұңғышы 7 жастағы ұлына тастап кеткен екен.  

Балконнан құлап кеткен бүлдіршін комада жатыр

Себебі көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тиісі мекемеге барып құжат рәсімдемек болған. Алайда жолда қызының балконнан құлап кеткені туралы хабарды естіп, дереу үйіне қарай жол тартқан. Бірақ жетемін дегенше бүлдіршінді жедел жәрдем қызметіндегілер ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер қыздың жағдайы тұрақты емес деп отыр. Шұғыл түрде бас сүйегінің сынуымен ауруханаға жатқызылған сәбиге ота жасалған.

"Бас сүйегінің трепанациясы жүргізілген. Қазіргі уақытта баланың жағдайы әлі тұрақты емес, әлі күнге дейін комада жатыр", – деді балалар ауруханасы балалар нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Бегманов.

Осы ретте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу