Балконнан секірмек болған әйел құтқарылды

462

Әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. 

Балконнан секірмек болған әйел құтқарылды

Полицияға 1 қазан Ақтау қаласының көпқабатты үйінің 5-қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқаны туралы хабар түсті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен.

Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекет жасамауды өтінді.

Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады.

Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды.

Әйелдің мас екені анықталды. Жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте болғаны белгілі болды. Ол бұрын да осындай әрекетке барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу