Балтық елдері Ресейдің энергия қуатынан бас тартпақшы

1567

Бұған дейін Финляндия Ресейден электр энергиясын импорттаудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Балтық елдері Ресейдің энергия қуатынан бас тартпақшы Фото: ria.ru

8 және 11 сәуірде Балтық елдері Ресейден электр энергиясын сатып алуды толығымен тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы "Коммерсантъ" сайтына сілтеме жасап. Олар Ресей тарабын ескертпеген. 

Басылымның мәліметінше, Балтық елдері осылайша ресейлік энергиядан толық бас тартуға дайындық жүргізіп жатқан көрінеді. 

Литвамен бір уақытта латвиялық жүйелік оператор да (AST) осындай қадамға барған. Ескере кететін жайт, ресейлік оператор "Интер РАО" электр энергиясының басым бөлігін Балтық жағалауы елдеріне экспорттайды. 2019 жылғы жеткізілімнің 33 пайызы Литваға тиесілі болды. 

Бұған дейін Финляндия Ресейден электр энергиясын импорттаудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген еді. Fingrid магистральдық желілер операторы Финляндияға тартылған төрт электр желісінің үшеуі тозды деп шағымданған болатын. Бірақ Ресей тарабы бұл мәселені мойындамай келеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу