Балтық жағалауы елдері ресейліктерге кіруге тыйым салуға ниетті

725

Литва, Латвия және Эстония шенген визалары бар ресейліктердің өз аумағына кіруіне айтарлықтай шектеу туралы келісімге келді.  

Балтық жағалауы елдері ресейліктерге кіруге тыйым салуға ниетті

Бұл туралы бүгін Латвия СІМ басшысы Эдгар Ринкевич өз әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

"Балтық жағалауы елдері ЕО шенген визалары бар Ресей Федерациясы азаматтарының шекарадан өтуін айтарлықтай шектеу туралы келісімге келді (кейбір ерекшеліктерді қоспағанда). Шешімдер ұлттық үкіметтермен ұлттық рәсімдерге сәйкес қабылданады және бір уақытта күшіне енеді", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шенген визалары бар ресейліктер Ресей Федерациясы мен Беларуссиядан Балтық жағалауы елдерінің құрлық шекараларын кесіп өте алмайды. Жүк көліктерінің жүргізушілері, дипломаттар мен отбасылық немесе гуманитарлық себептермен келушілерге ғана шекара асуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Мұндай шешімнің күшіне енуінің болжамды күні – 15 қыркүйек. Айта кететіні, Беларусь азаматтарының кіріп-шығуына қатысты өзгерістер байқалмайды.

Негізі Ресей азаматтарының ЕО елдеріне кіруіне тыйым салу ниеті туралы Балтық республикаларының билігі соңғы бірнеше айда айта бастады. Жалпы еуропалық деңгейде мұндай шешімдер қабылданған жоқ, себебі ЕО-ның бірқатар елдері басшылығының пікірінше, мұндай шараларда мән-мағына жоқ. Ал Мәскеу әзірге ресейліктердің Еуропадағы қозғалысын шектеу туралы шешімге симметриялы түрде жауап берудің қажеті жоқ деп санайды.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу