Шымкентте Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы халықаралық турнирде бас жүлдені қарағандылық Ержан Шынкеев жеңіп алып, бас жүлдеге тігілген көлікке ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Аталған турнирге Қазақстан балуандарынан бөлек Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстаннан келген спортшылар қатысты. Аса тартысты өткен түйе балуандар додасының финалында қарағандылық Ержан Шынкеев Алматы қаласының балуаны Дәурен Нұралиновты ұтып, бас жүлдеге ие болды. Оған Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов көліктің кілтін тапсырды. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде және түйе балуандар сайысы бойынша сынға түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу