Балуандарымыз Бангкоктан олжалы оралды

756

Балуандарымыз Бангкоктан олжалы оралды

Таиландтың Бангкок қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстанның жас балуандары тай жерінде тамаша өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінің балуандары 3 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алғаны белгілі. Екінші күні қоржынымыз 1 алтын 2 қола медальмен толықты. Нақтырақ айтсақ, 58 келі салмақта күрескен Оралхан Мырзабаев барлық қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Дiнмухаммед Қошқар (50 келі) мен Леонид Проскурович (69 келі) - Азияның қола жүлдегерлері.
Жарыс қорытындысы бойынша грек-рим күресінің балуандары 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Ұпай санымен есептегенде қазақстандық балуандар командалық есепте екінші орынға ие болды. Ал, медаль санымен есептегенде 10 салмақтың 4-інде алтын медальға ие болған жас балуандарымыз командалық есепте топ жарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу