Балушкин ісі: Демалыс базаларын сотқа дейінгі тәркілеу туралы қолдаухат сотқа жолданды

1031

11 шілдеде БИПЭК компаниялар тобының акционері, бүгінде "халықаралық іздеудегі" Анатолий Балушкинге қатысты іс бойынша прокуратура 77 жылжымайтын мүлікті (оның ішінде "Рахман қайнары", "Нұртау" және "Порт Фортуна" демалыс базаларын), сондай-ақ 1 мың бірлік жылжымалы мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы қолдаухатты сотқа жолдады.

Балушкин ісі: Демалыс базаларын сотқа дейінгі тәркілеу туралы қолдаухат сотқа жолданды

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, 5 маусымда Президенттің Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылғаны белгілі.

Комиссия құрамына құқық қорғау, арнаулы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның бірінші басшылары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу