Балушкиннің демалыс базалары мемлекет меншігіне алына ма?

549

Мәселенің шешіміне қашан нүкте қойылары әлі белгісіз.

Балушкиннің демалыс базалары мемлекет меншігіне алына ма? Фото: ашық дереккөзден

ШҚО әкімі Даниал Ахметов халықаралық іздеудегі олигарх Анатолий Балушкиннің "Бипэк авто – Азия авто" компаниялар тобына қарасты мүліктер туралы пікір білдірді. Ол “компанияның шипажайлары мен курорттық базалары коммуналдық меншікке берілгенін қалаймын” деп айтты журналистерге берген брифингі барысында.

Айта кету керек, Балушкинге мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылып, "Бипэк авто – Азия авто" компаниялар тобының қызметі тоқтағаннан кейін "Рахман қайнары" шипажайы, "Нұртау" курорты және "Порт Фортуна" демалыс базаларының есігі де тарс жабылған болатын.

"Рахман қайнары" шипажайына келетін болсақ, сот шешімін тосуымыз керек. Мен бұл нысанның коммуналдық меншікке алынуын қалаймын. Біздің тілегіміз іске аспауы да мүмкін, сондада үмітімізді үзбейміз,  - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Мәселенің шешіміне қашан нүкте қойылары әлі белгісіз. Бірақ "Нұртау" курорты биыл қыс бойы жұмыс істеп шықты. 

Биыл "Нұртау" курорты жұмысын қайта бастады. Оған мыңдаған адамдар барды. Өкінішке қарай, мәселе әлі шешілген жоқ. Бірақ біз барлық құрылымдармен келісіп, курорттың жұмысын жалғастыруды жөн көрдік, -дейді аймақ басшысы. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу