Балық аулаймын деп 5 миллион теңге төлейтін болды

796

Үш қап көксерке, шортан және басқа да ірі балықты заңсыз аулаған.

Балық аулаймын деп 5 миллион теңге төлейтін болды

30 мамыр күні тәртіп сақшылары Зайсан көліннің жағасында қайықтан автокөлігіне балық тиеп жатқан ер азаматты ұстап алды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Анықталғандай, заңсыз балық аулаушы үш қап көксерке, шортан және басқа да ірі балықтарды аулаған. Табиғат қорғау ведомствосы инспекторларының айтуынша, табиғатқа 500 мың теңге залал келтіріпті.

"Ұсталған азамат ҚР ҚК 335 бабы 2-тармағының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Қылмыстық іс Тарбағатай аудандық ІІБ-не процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді. Енді тәртіп бұзушыға 2 мың АЕК (5 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынады", – деп мәлімдеді ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу