Балық аулау көлемі 30%-ға ұлғайды

1139

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов су қоймаларына 45 млн-ға жуық шабақ жіберілгенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Балық аулау көлемі 30%-ға ұлғайды

"Мемлекеттік тапсырыс аясында су қоймаларына 45 млн-ға жуық шабақ  жіберілді. Жыл соңына дейін су қоймаларына тағы 29 млн шабақ, оның ішінде 7 млн бекіре шабағын жіберу жоспарланған", – деді комитет төрағасы.

Нариман Жүнісовтің сөзінше, 2018-2020 жылдар аралығында балықтардың мекендеуі мен уылдырық шашуы үшін Жайық, Қиғаш өзендеріндегі каналдардың түбі тереңдетілді.

"Бұл жұмыс балық аулау көлемін 30%-ға ұлғайтты", – деді Нариман Жүнісов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу