"Балық аулауға барған": Балқаш көлінде екі ер адам суға батып кетті

600

Олар мінген қайық табылмады. 

"Балық аулауға барған": Балқаш көлінде екі ер адам суға батып кетті Фото: tengrinews.kz

Қарағанды облысы Сарышаған ауылының екі тұрғыны Балқаш көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 30 наурыз күні олар балық аулауға кеткен. Бір күннен кейін туыстары дабыл қаға бастайды, себебі ер адамдар ұзақ уақыт бойы қоңырауларға жауап бермеген.

31 наурызда жоғалған адамдардың туыстарының өтініші бойынша сүңгуірлер іздеуге аттанды. Приозерск қаласының құтқарушылары көлдің түбіне бірнеше рет сүңгіп, жағалау аймағын зерттеген.

"Жағадан шамамен екі шақырымдай жерден ТЖД іздеу тобы 1965 және 1988 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды. Қайық табылған жоқ. Өлімнің мән-жайын полиция органдары анықтайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу