Балық аулауға уақытша тыйым салынады

1117

Сәуір айынан бастап маусымның 10-на дейін балық аулауға тыйым салынады.   

Балық аулауға уақытша тыйым салынады Фото: gov.kz

Осы уақытта Түркістан мен Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық уылдырық шаша бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Осыған орай табиғат қорғау инспекторлары рейдке шықты. Олар өзен-көлді жағалаған балықшыларға ескерту парақшаларын таратып, заң алдындағы жауапкершілігін түсіндірді. Дегенмен балықты тыйым салынған құралдармен аулайтындар азаяр емес. Мәселен, өткен жылы облыс аумағында заңсыз балық аулауға қатысты 21 қылмыстық іс тіркеліп, табиғатқа 15 миллион теңгеден астам залал келген. 11 браконьер бас бостандығынан айырылып, қалғандары айыппұл төледі.

"Шардара су қоймасында 1 сәуірден 20 мамырды қоса алған аралықта Түркістан облысы шегінде су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шегарасына дейінгі Сырдария өзенінде 15 сәуірден 31 мамыр аралығында, Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі өзенде 1 сәуір мен 30 мамырды қоса алған аралықта, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда 20 сәуірден 10 маусым аралығында балық аулауға тыйым салу енгізілген", - дейді Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Руслан Сейітмұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу