Балық бағасы 15%-ға қымбаттады

Елге 28,7 мың тонна өнім импортталды.

Балық бағасы 15%-ға қымбаттады Фото: bossagro.kz

Биыл қаңтар-тамыз айларында елімізде 30,9 мың тонна салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 15,5%-ға жоғары, деп жазды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында балық кластері қарқынды дамуда. Қазір өңірде 15 мың тоннаға жуық өнім өндіретін 10 балық зауыты бар. Алайда 2022 жылдың сегіз айында елде небәрі 6,6 мың тонна балық, уылдырық және басқа жолмен дайындалған немесе консервіленген өнімдер өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7%-ға аз. 

Шығарылған өнімнің үштен бірі Түркістан облысының үлесіне келеді (2,4 мың тонна, + 43,9%). Үздік үштікке Батыс Қазақстан (1,8 мың тонна, жылына -8,5%) және Шығыс Қазақстан (561 тонна, -21,3%) облыстары кірді. 

Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаянға сұранысты 53,1% қамтамасыз етті. Елге 28,7 мың тонна өнім импортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8%-ға артық. Осы кезеңдегі өндіріс 32,5 мың тоннаны құрады, жылына +1,9%. Бұл ретте қолда бар ресурстардың 20,4%-ы елден экспортталды: 12,4 мың тонна – өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық.

Ішкі нарықтағы сатылым 48,7 мың тоннаны құрады. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу