Балық өнімдерін заңсыз сатуға бақылау жүргізіледі

1017

Балық өнімдерін заңсыз сатуға бақылау жүргізіледі

 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау және Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайынғы ауқымды "Бекіре-2017" балық шаруашылығының акциясы өтеді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында "Бекіре" балық қорғау акциясын өткізу туралы" келісім орнатылды, Үйлестіру кеңесі мен бірлескен шаралар тізімі бекітілді.

Үйлестіру штабының басшылығы болу АШМ  Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне жүктелді. Ал, комитеттің облыстық инспекциялық үйлестіру шараларын өткізу мен ұйымдастыру бойынша жұмыс органы болып сайланды.

Акция аясында браконьерліктің орын алуы ықтимал аймақтарда стационарлық және көшпелі  посттар мен мобильдік рейд топтары жасақталды. Биыл барлық күш Каспий жағалауы мен Жайық, Қиғаш өзендерінің жағалауына жұмылдырылады.

Сондай-ақ, мобильдік рейд топтары "Ақжайық" табиғи мемлекеттік резерваторы аймағын инспекциялауға жіберіледі.

Оған қоса, Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында балық өнімдерін заңсыз сатуға бақылау жүргізіледі.

Айта кетерлігі, 2014-2021 жылдарға арналған  ҚР АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында браконьерлікпен күресу жүйелік шешімі бойынша  балық пен балық өнімін автоматтандырылған жүйесін енгізу қарастырылған.

Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі  автоматтандырылған рұқсат беру құжатымен ықпалдастырылады, бұл шара балықтың заңды түрде  келгеніне күмән тудырса, бірден құжат беруді тоқтатады.

Сондай-ақ браконьерлік үшін жаупкершілікті күшейтуді арттыру  бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу