Балық өсіру кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өседі

663

Бұл туралы inbusiness.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.    

Балық өсіру кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өседі Фото: ҚР Экология министрлігі

Бүгінгі күні мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы шамамен 90 мың теңге. Бұл Қазақстандағы ең төменгі жалақыға жақын.

"Балық өсіру кәсіпорындарындағы жұмысшылардың қызметінің ерекшелігі мен ауыр физикалық еңбегін ескере отырып, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі шындыққа және олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейді.

Осыған байланысты, тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыру және жас мамандарды тарту арқылы кадрлық әлеуетті нығайту үшін кәсіпорындардың салалық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталды", делінген министрлік хабарламасында.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жалақының 2 есе өсуі күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу