Балық пен аң аулаймын деп 28 адам қайтыс болған

1321

Балық аулау кезінде балықшылар құтқару жилетін, ұзындығы кем дегенде 20 см болатын арқан алып жүруге тиіс. 

Балық пен аң аулаймын деп 28 адам қайтыс болған

Өзен-көлдердегі қауіпсіздікті нығайту үшін республикалық деңгейде арнайы рейд жүріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратып, балықшыларға сақтық шаралары туралы ескерту парақшаларын үлестіруде.

Қазір ауа-райы құбылмалы болып тұр. Содан су бетіндегі мұз қабаты да жұқа. Мамандар ойығы бар мұз бетінде 6 адамнан артық тұруға болмайды дейді.

Өкінішке қарай, балық және аң аулау маусымы басталғалы 28 адам ажал құшты. Төртеуі – бала. Өткен жылы осы кезеңде 11 адам, оның ішінде 1 бала көз жұмған еді. 

 "Уақытылы қабылданған шараларға байланысты соңғы уақытта төтенше жағдайлар көп тіркелмейді. Балық аулау кезінде балықшылар құтқару жилетін, ұзындығы кем дегенде 20 см болатын арқан-жіп алып жүруге тиіс. Сондай-ақ қатарынан екіден артық ойық жасамауға және жылынамын деп от жақпауға кеңес береміз",– дейді ҚР ІІМ ТЖК басқармасының бас маманы Серік Берсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу