Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

214

Ол 2021 жылдан 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен пара алды деген күдікке ілінген. 

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу соты күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдана отырып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу