Балық шаруашылығын дамытуға бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді

912

Қазына қаржысы алдағы 10 жылда балық шаруашылығын дамытуға жұмсалады.  

Балық шаруашылығын дамытуға бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылы 12, 8 мың тонна балық өсіріледі. Жыл басынан бүгінге дейін 7,6  мың тонна тауарлық балық өсірілді", – деді Нариман Жүнісов.

Оның айтуынша, 2030 жылға дейін балық шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді, ал 340 млрд теңге жеке инвестиция ретінде құйылады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу