Балық сүйегінен ұн өндіретін зауытта жоспардан тыс тексеру тағайындалды

755

Шағын кәсіпорын экологиялық нормаларды сақтай ма?

Балық сүйегінен ұн өндіретін зауытта жоспардан тыс тексеру тағайындалды

Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылындағы балық сүйегінен ұнын өндіретін зауыттың экологиялық нормаларын бұзуына қатысты ақпаратқа сәйкес аталған факт бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындалды, деп жазды inbusiness.kz. 

"Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша зауыттағы қызметті "А.С. Байгабатов" ШҚ №03-051-225-054 жер пайдалану құқығы акті негізінде жүзеге асырады. Осыған сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты "балық сүйегінен ұн өндіретін шағын цех салу", – деп жазылған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі таратқан хабарламада. 

Айта кету жайт, ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабының 6-тармағына сәйкес биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнайы заңнамасымен реттеледі (пп. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 1 бабы 4-1).

"Алматы облысы бойынша экология департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайтын болады. Анықталған факт бақылауда. Тексеру нәтежиелері туралы қосымша хабарланады", – деп нақтылады ведомство. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу