Олар Бұқтырма су қоймасында орналасқан демалыс базасынан екінші жағалауға резеңке қайықпен шыққан еді.
Толқын көтеріліп, қайық аударылып кала жаздаған, сондықтан олар кері қарай өздері қайтып оралудан қорқып, құтқарушыларды көмекке шақырды. Көмекке ШҚО ТЖД №8 Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп балықшыларды өз көлік құралдарымен қауіпсіз аймаққа жеткізді.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. Бір күн бұрын құтқарушылар тұрғындарға аймақтағы дауыл туралы ескерту жасаған болатын. Су айдындарындағы тәртіп ережелеріне немқұрайлы қарауға болмайды. Балықшылар міндетті түрде ауа-райы жағдайымен танысып, құтқару кеудешелерінсіз қайықпен шықпауы тиіс.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласуға болады.