Балықшының денесі екі айдан соң табылды

320

Жамбыл облысы, Жуалы ауданында екі айдан бері іздестіріліп жатқан екінші балықшының денесі табылды.  

Балықшының денесі екі айдан соң табылды Фото: gov.kz

Марқұмның мәйітін тұрғындар тауып алған, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Қарабастау ауылының 37 жастағы тұрғынының денесін толқын айдап, жағаға шығарған. Қазір мәйітке сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Ал өзімен бірге барған ауылдас ағасының денесі дрон көмегімен табылды. Құтқарушылар ақпан айының аяғында іздеу жұмыстарын толық тоқтатты. Өйткені, айдынның бетіндегі қалың мұз кедергі болған.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы ауды тексеру үшін айдынға түседі. Сол сәтте, қатты жел басталып қайықтары аударылып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу